ҚОҒАМ

Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған

ҰҚК Ақтау порты арқылы мұнай өнімдерін шетелге жасырын жөнелткен топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары шетелге 160 мың тоннадан астам өнім шығарылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Қылмыстық схеманы Маңғыстау облысындағы кәсіпкер ұйымдастырған. Тергеу мәліметінше, ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу жөнінде келісімшарт жасап, шикізатты «Standart Petroleum» және «Mangystau Oil Refining» шағын мұнай өңдеу зауыттарына жеткізген. Өнімге жалған сапа паспорттары рәсімделген.

Кейін мұнай өнімдері пеш отыны ретінде көрсетіліп, танкермен Ақтау теңіз порты арқылы шетелге тасымалданған. 2019–2023 жылдары тек «Batys Nefte Trade» компаниясы арқылы 160 мың тоннадан астам өнім заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңге деп бағаланды.

ҰҚК мәліметінше, мемлекет кірісіне заңсыз алынған табыс пен төленбеген салық түрінде 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді. Ақтау қалалық соты мұнай схемасына қатысқан бес адамды, оның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары мен трейдер компанияның басшыларын, Қылмыстық кодекстің 234-бабының 3-бөлігі және 262-бабының 2-бөлігі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Схеманы ұйымдастырды деген кәсіпкер әлі ұсталмаған. Ол халықаралық іздеуде жүр. Іс аясында екі шағын мұнай өңдеу зауыты мен танкер тәркіленген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61