ДАМУ
Өскеменде көпбейінді аурухана салынып, Ана мен бала орталығының перзентханасы жаңартылып жатыр. Қаражат жол-көлік инфрақұрылымының жобаларына да бағытталған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Үкімет Шығыс Қазақстан облысында бірнеше әлеуметтік және жол-көлік нысанын салу мен жаңғыртуға 105,7 млрд теңге бөлді. Жобалар қатарында Өскемендегі көпбейінді аурухана құрылысы, Ана мен бала орталығының перзентхана ғимаратын қайта жаңарту, Ертіс үстіндегі көпірден Серікбаев көшесіне шығатын жол ашу және екі көшенің қиылысындағы жол айрығын жаңғырту бар.
Қаланың 19-шағын ауданында салынып жатқан аурухананың аумағы 42,5 мың шаршы метр, сыйымдылығы 300 орын болады. Жобаға жергілікті бюджетті қолдау үшін қосымша 33,3 млрд теңге бөлінген. Медициналық жабдықтарды сатып алу аяқталды, ал нысанның жалпы дайындық деңгейі 28%-ға жетті. Нысанды 2027 жылдың соңына дейін тапсыру көзделген. Аурухана жылына 13,6 мың пациентке қызмет көрсетуге есептелген.
Ана мен бала орталығының стационар ғимаратын перзентханаға айналдыру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2026 жылы бұл жобаға қосымша 2,4 млрд теңге бөлінді. Жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр ғимараттың дайындығы 90%-ды құрайды, оны 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жаңартудан кейін перзентхана жылына қосымша 2 мыңға дейін әйелді қабылдай алады. Шығыс Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 5 300 бала дүниеге келеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61