ҚОҒАМ
Ақтөбе облысындағы «Болашақ» шахтасында 23 жастағы кеншіге тау жынысы опырылып құлаған. Оқиға орнындағы жұмыс тоқтатылып, комбинаттың ұқсас учаскелерінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Оқиға 20 қазанда ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Дон кен-байыту комбинатына қарасты шахтада болған. Жұмысшы қорғаныс бекітпесін орнатып жатқан кезде үстіне тау жынысы құлаған. Оны құтқару мүмкін болмады.
Комбинат директоры Бауыржан Утемисов қаза тапқан кеншінің жақындарына көңіл айтып, компания отбасыға көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Оқиға орнындағы жұмыс тоқтатылды.
Арнайы тергеу жүргізу үшін Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің қатысуымен комиссия құрылады. Компания комиссия жұмысына толық қолдау көрсететінін хабарлады.
Полиция адам өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеу бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61