ҚОҒАМ

Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандықты елге қайтаруға дайындалып жатыр

Құқық қорғаушының айтуынша, азаматтардың елге оралуына қазір кедергі жоқ. Енді олардың қауіпсіз жолмен жетуін ұйымдастыру қажет.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Заңгер Мейрман Шекеевтің мәліметінше, елге қайтаруды отбасылары сұраған 13 қазақстандықты отанына жіберуге әзірлік жүріп жатыр.

Шекеев ата-аналар атынан Қазақстан президентіне, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және басқа мемлекеттік органдарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Туыстарының басты тілегі — азаматтардың аман-есен оралып, жақындарымен қауышуы.

Бұған дейін ер адамдардың туыстары қазан айының басында Астанаға келіп, дипломаттардан көмек сұраған. Олардың айтуынша, ер адамдар Ресейге күзет агенттіктеріне жұмысқа орналасу үшін барған, алайда еңбек шарты деп ұсынылған құжаттардың ішінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру туралы құжаттарға қол қойған. Кейін олар Украинадағы соғыс аймағында болған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ер адамдарды қайтару мәселесі бойынша Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп жатқанын растаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61