ДАМУ
Банк 2026 жылдың соңына дейін облигациялардың бір бөлігін мерзімінен бұрын сатып алуды жоспарлап отыр. Операциядан кейін қайтарылмаған мемлекеттік көмектің қалдығы 35,83 млрд теңге болады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Нұрбанктің директорлар кеңесі NRBNb16 шығарылымындағы 6,5 млн облигацияны мерзімінен бұрын ішінара сатып алу туралы шешім қабылдады. Әр қағаздың атаулы құны – 1 мың теңге, купондық сыйақы мөлшерлемесі жылына 4%. Сатып алуға жұмсалатын сома 6,5 млрд теңгені құрайды, оған қоса банк мерзімінен бұрын өтеу күніне есептелген купондық сыйақыны төлейді.
Бұл – банктің соңғы бір жылда жариялаған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтару жөніндегі екінші жоспары. 2025 жылғы қарашада Нұрбанк осы шығарылымның 4,5 млн облигациясын 4,5 млрд теңгеге сатып алған. Алдағы операцияны қоса есептегенде, банк мерзімінен бұрын қайтаратын көмектің жалпы сомасы 11 млрд теңгеге жетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61