ДАМУ
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысқан KGIR-2026 алаңында жалпы құны 4,8 млрд доллар болатын келісім жасалды. Іс-шараға 40-тан астам елден 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі жиналды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable жиынында 4,8 млрд доллардың келісіміне қол қойылды. Премьер-министр Олжас Бектенов пленарлық отырыста Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен басым бағыттарын таныстырды.
Үкімет басшысының айтуынша, былтыр елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өсіп, 300 млрд доллардан асты. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға жарты трлн долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған, оның 100 млрд доллардан астамы соңғы бес жылда келген.
Инвестиция тартуда өңдеу және химия өнеркәсібі, тамақ өндірісі, көлік машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, цифрлық инфрақұрылым мен жоғары технологиялы қалалар құрылысы басым бағыттар ретінде аталды. Бектенов инвесторларды Екібастұздағы «ДӨО алқабын» құруға, Alatau City жобасына және басқа да бастамаларға қатысуға шақырды.
Жиын қарсаңында Премьер-министр шетелдік серіктестермен бірлесіп іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Олардың қатарында Жамбыл облысындағы Masdar жел электр стансасы, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы China Energy жобалары, Алматы облысындағы Carlsberg Group зауыты, сондай-ақ Шымкенттегі Alsera жылыжай кешені мен QazAlPack зауыты бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61