ҚОҒАМ

Тұрғын үй кезегіндегі 200 мыңнан астам адам есептен шығарылуы мүмкін

Отбасы банкінің өкілі кезекте тұрғандардың бір бөлігі жаңартылған талаптарға сай келмейтінін айтты. Қазір бұл азаматтарды есептен шығару жұмысы жүргізіліп жатқан жоқ, жағдай талданып жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Отбасы банкінің алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Ашимовтың айтуынша, 21 қазанда баспана кезегінде 1,089 миллион адам тұрған. Олардың 200 мыңнан астамы талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты кезектен шығарылуы немесе кезектегі мәртебесі уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Ашимовтың сөзінше, әзірге азаматтарды есептен шығару жұмысы басталған жоқ, мәселе сараланып жатыр. 21 қазандағы жағдай бойынша 64 мың адам кезектен шығарылған, 227 мың адамды есепке қоюдан бас тартылған. Ал кезекте тұрған 239 мың азаматтың мәртебесі түрлі себеппен уақытша тоқтатылған.

2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы 20 қазанға дейін әкімдіктер кезекте тұрғандарға 41,9 мың пәтер берген. Оның 35 мыңы бөлініп, 6,8 мыңы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 2026 жылдың 10 айында бағдарлама аясында 320,6 млрд теңгеге 15,4 мың несие берілген. 2019-2025 жылдары жалпы сомасы 1,4 трлн теңге болатын 105,4 мың несие рәсімделген.

21 қазандағы мәліметке сай, 344,3 мың қазақстандық банктегі жинақ шоттарына 184 млрд теңге салған. 2033 жылға дейін тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін 292 мың отбасын баспанамен қамту жоспарланған. Бұл жоспарға несиеге үй алу да, жалдамалы тұрғын үй де кіреді.

Ашимов кейбір кезектегілер ұсынылған пәтерден бас тартып, өзіне қолайлы нұсқаны күтетініне тоқталды. Оның мысалынша, Алматыда кей азаматтарға екі айда 11 пәтер ұсынылғанымен, олар нақты бір аудандағы баспананы қалаған. Кейін ұсыныс өздері қалаған Медеу ауданынан түскенде, пәтерді алған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61