ДАМУ

Отбасы банк 31 қазаннан бастап кейбір несиелер бойынша комиссияны өзгертеді

Аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұйымдастыру комиссиясының жоғарғы шегі өседі. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 31 қазаннан бастап қабылданған өтінімдерге қолданылады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Бұған дейін комиссия қарыз сомасының 1 пайызы көлемінде есептеліп, 300 мың теңгеден аспайтын. Енді шекті мөлшер қарыз көлеміне қарай белгіленеді.

50 млн теңгеге дейінгі қарыз үшін комиссия 1 пайыз болады, бірақ 300 мың теңгеден жоғары емес. 50 млн-нан 100 млн теңгеге дейінгі қарыз үшін комиссия 1%, бірақ 500 мың теңгеден аспайды. Ал 100 млн теңгеден басталатын қарыздарда комиссияның шегі — 1 млн теңге.

Банктің мәліметінше, клиенттердің 92 пайызы 50 млн теңгеге дейін қарыз алады. Сондықтан комиссия шарттары олардың басым бөлігі үшін өзгермейді.

Жаңа талаптар банк 2026 жылғы 31 қазаннан бастап қабылдайтын несие өтінімдеріне қатысты. Оған дейін қабылданған өтінімдер бұрынғы тәртіппен қаралады, ал беріліп қойған қарыздарға өзгеріс қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61