САЯСАТ

Тоқаев атом саласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді

Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевпен кездесіп, ұлттық атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Кездесуде Сәтқалиев 2026 жылы атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелерін таныстырды. Президентке атом электр станцияларын салу, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, салаға маман даярлау және отандық жобалардың үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Сондай-ақ Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздікке қатысты нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелері қаралды. Тоқаев ұлттық атом энергетикасын дамыту барысын бақылауда ұстап, саланы дамыту стратегиясындағы міндеттерді орындау үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауды тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61