ДАМУ
1 қазаннан бастап 27 мың АЕК-тен асатын әрі үш айдан астам өтелмеген салық қарызы үшін уақытша шектеу қолданылып жатыр. Оны енгізуге соттың санкциясы қажет.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Шектеу жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатындарға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына немесе олардың міндетін атқарушыларға қатысты. Мемлекеттік кірістер органы қаулы шығарып, оны сотқа жолдайды. Сот санкция берген соң құжат орындау үшін тиісті ақпараттық жүйеге жіберіледі.
Бұл норма 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгенімен, іс жүзінде оны қолдану қазан айында басталды. Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібі де 2026 жылғы 1 қаңтардан өзгергенін еске салды: енді қолданылатын шаралар қарыз сомасына байланысты.
Берешек 20 АЕК-тен аз болса, салық төлеушіге хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі, өзге өндіріп алу шаралары қолданылмайды. Қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін болса, оны өтеу туралы хабарлама жіберіліп, банк шоттары мен кассадағы шығыс операциялары тоқтатылады және инкассалық өкімдер қойылады.
45 АЕК-тен асатын берешек кезінде мүлікті тізімдеу және сату, сондай-ақ дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты барлық көзделген шаралар қолданылады. Комитет өзгерістер шағын берешек үшін бизнестің жұмысын тоқтатпауға және ұзақ уақыт өтелмеген ірі қарыздар бойынша жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61