ҚОҒАМ

Қытайда бір кеште бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді. Ең күштісінің магнитудасы 7,1 болды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қазақстандық деректер орталығының мәліметінше, алғашқы жер сілкінісі Астана уақытымен 19:33-те болған. Ошақ 35 шақырым тереңдікте орналасып, магнитудасы 7,1-ге жетті.

Екінші жерасты дүмпуі 20:27-де тіркелді. Оның магнитудасы 4,7, энергетикалық класы K=10,9 болды.

Қазақстан сейсмологтары Қытайдағы 21 қазанда болған жер сілкінісін де тіркеген: ол Астана уақытымен 04:16-да болып, магнитудасы 4,8-ді, энергетикалық класы K=10,9-ды құрады. Ал 20 қазандағы дүмпудің магнитудасы 4,9, ошағының тереңдігі 17 шақырым болған. Оның энергетикалық класы K=11,6 еді.

Жерасты дүмпулерінің Қазақстан аумағында сезілген-сезілмегені туралы мәлімет жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61