ДАМУ
Ақша-кредит саясаты комитеті мөлшерлемені 16,25 пайыздан төмендету туралы шешімді 23 қазанда қабылдады. Жылдық инфляция қыркүйектегі 9,8 пайыздан 9,3 пайызға баяулаған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Базалық мөлшерлеме маусымнан бері төртінші рет төмендеп отыр. Төрт айда көрсеткіш 18 пайыздан 2,25 пайыздық тармаққа азайды. Ол кемінде 2026 жылғы 4 желтоқсанда өтетін келесі отырысқа дейін осы деңгейде қалады. Бұл — Комитеттің биылғы соңғы отырысы.
Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляциямен бірге инфляциялық күтулер де төмендеген: бір айда 12,1 пайыздан 11,8 пайызға түсті. Реттеуші қабылданған шешім инфляцияның бәсеңдеуін бекітуге және 2028 жылы инфляцияны 5 пайыздық нысанаға қайтаруға қажетті қалыпты қатаң ақша-кредит жағдайларын сақтайды деп есептейді.
Сонымен бірге елдегі баға қысымы әлі жоғары, ал тәуекелдер инфляцияның үдеу жағына қарай ойысып тұр. Ұлттық банк жыл соңында 2025 жылғы реттелетін тарифтер бойынша төмен база әсерінен жылдық инфляция уақытша жеделдеуі мүмкін екенін ескертті. 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы наурыздың соңына дейін коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий қолданылып, 2025 жылдың төртінші тоқсанында олар 14 пайызға төмендеген.
Реттеуші 2026 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені өзгерту ықтималдығы төмен екенін айтты. Одан әрі төмендету бағалық қысымның тұрақты әлсірегені расталған жағдайда қаралады. Қазан айының басында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 85 пайызы мөлшерлеме төмендейді деп күткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61