ҚОҒАМ

Тоқаев әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді қайта қарауды түсіндірді

Президент соңғы жеті жылда әлеуметтік салаға 88 триллион теңге бөлінгенін айтты. Үкімет қолданыстағы көмек тетіктеріне аудит жүргізіп, тиімсіз төлемдерді анықтап жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға бағытталған қаржыны азаматтардың өмір сапасын жақсартуға салынған мемлекеттік инвестиция деп атады. Оның айтуынша, 2019 жылдан бері елде 1 259 медициналық нысан салынған, ал барлық мектепте 1,7 миллионнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Президент кейбір жеңілдіктер мен төлемдер нақты көмек бермей, бюджет қаражатының орынсыз жұмсалуына әкелуі мүмкін екенін айтты. Үкімет қазір әлеуметтік қолдау тетіктерін жан-жақты талдап, оларды оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61