ҚОҒАМ
Алматы полициясы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына төленетін жәрдемақыны қате есептеген. ІІМ есеп қатесін мойындап, мәселе түпкілікті шешілгенше артық төлемді қайтаруды талап етпеуді тапсырды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Алматылық Динара Аманның айтуынша, күйеуі 2020 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан. 2026 жылғы ақпаннан бастап Алматы полиция департаменті отбасыларға қызметкерлердің қазіргі көтерілген жалақысының 40 пайызы мөлшерінде төлем жасаған. Маусымда есептеу тәртібі дұрыс қолданылмағаны анықталып, жәрдемақы қызметкер қаза тапқан кездегі лауазымдық жалақы негізінде есептелуі керек екені айтылған.
Осыдан кейін полиция бұрын артық төленген соманы жесірлердің қазіргі жәрдемақысынан ұстай бастаған. Динара Аманның сөзінше, кейбір әйелдерге 98 және 1880 теңге ғана берілген. Ол қайта есептеуге сот арқылы шағымдануға тырысқанымен, төлемді қате деп таныған жазбаша бұйрық өзіне көрсетілмегенін айтты. Полиция департаменті нұсқау телефон арқылы берілгенін жеткізген.
Ішкі істер министрлігі Алматы полициясы төлемдерді есептеу кезінде заң нормаларын дұрыс қолданбағанын растады. Ведомство қолданыстағы қағидаларға өзгеріс әзірлеген: оған сәйкес төлем қызметкерлердің қазіргі ақшалай қамтылымы негізінде есептеліп, ол өскен сайын қайта қаралуы мүмкін. Жоба қоғамдық талқылаудан және сараптамадан өтіп, мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.
ІІМ жергілікті полиция департаменттеріне мәселе түпкілікті реттелгенге дейін қаза тапқан қызметкерлердің жесірлерінен артық төлемді өндіріп алмауды тапсырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61