ДАМУ
2026 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңгеге жетті. Инфляцияны есептегендегі нақты жалақы индексі 1,8 пайызға төмендеген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, осы кезеңдегі медианалық жалақы 348 415 теңге болды. Бұл көрсеткіш бойынша жұмысшылардың жартысы аталған сомадан аз, ал қалған жартысы одан көп жалақы алады.
2026 жылдың басынан бергі жалақы мөлшеріне қарай бөлгенде, 300 мың теңгеден жоғары табыс алатын жұмысшылардың үлесі 58,4 пайызға жеткен. 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін алатындар — 39,3 пайыз, ал 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындар 2,3 пайыз болды.
Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер енгізілген. Жалақы салықтар мен зейнетақы жарналары шегерілмей, сыйақылар, үстемеақылар мен қосымша төлемдерді қоса есептелген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61