ӘЛЕМ
Украинаға әскери қызметшілер мен тоғыз бейбіт тұрғын оралды. Ресей Қорғаныс министрлігі де 270 әскери қызметшінің қайтарылғанын растады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, елге Ұлттық гвардия, шекара қызметі, аумақтық қорғаныс, әскери-теңіз және құрлық күштері, десанттық-шабуылдау әскерлері мен Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің әскери қызметшілері оралды. Олардың көбі 2022 жылдан бері тұтқында болған.
Алмасу «270-ке 270» формуласы бойынша өтіп, Украинаға тоғыз бейбіт тұрғын да қайтарылды. Зеленскийдің айтуынша, олардың арасында 2022 жылғы шілдеде Оленивкадағы Ресей теракті кезінде қаза тапты деп есептелген бес адам бар. Көптеген тұтқын Ресейде заңсыз сотталған.
Ресей Қорғаныс министрлігі 270 әскери қызметшінің елге қайтарылғанын растады. Мәскеудің дерегінше, алмасу Беларусь аумағында өткен. Ресейлік әскери қызметшілерге медициналық және психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін олар емделу және оңалту үшін Ресейге жеткізіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61