ТЕХНОЛОГИЯ

NVIDIA Қазақстандағы есептеу инфрақұрылымын дамытуға назар аударды

Компания «Қазақтелеком» және Firebird AI компанияларымен бірлескен жобаларды атап өтті. Екібастұздағы Data Center Valley орталығының алғашқы деректер орталығын 2027 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

NVIDIA негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг 23 қазанда Қазақстанға алғаш рет келіп, жасанды интеллект экожүйесімен танысты. Сапар барысында ол студенттермен және технологиялық стартаптардың өкілдерімен кездесті.

NVIDIA компаниясының мәліметінше, «Қазақтелеком» Астана мен Алматыда 400 NVIDIA H200 және 480 NVIDIA B300 графикалық процессорын орналастырған. 2027 жылы Data Center Valley аумағында 1000-нан астам GPU, ал Екібастұз маңында 1000-нан астам NVIDIA Vera Rubin жеделдеткішін орналастыру көзделіп отыр.

Екібастұзда салынып жатқан Data Center Valley — келешекте энергетикалық қуатын 1 ГВт-қа дейін ұлғайту мүмкіндігі бар деректер орталықтарының кластері. Жобаның бірінші кезеңіне арналған 215 МВт қуат толық резервтелген. Қуаты 50 МВт болатын алғашқы орталықты 2027 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.

«Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин Дженсен Хуангқа жобаның инфрақұрылымы мен энергетикалық мүмкіндіктерін таныстырды. Оның айтуынша, меншікті есептеу инфрақұрылымын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық басымдыққа айналып келеді.

Сонымен қатар Firebird AI жергілікті стартаптар мен зерттеушілерге есептеу қуатына қолжетімділік беретін Firebird Labs Kazakhstan зертханасын құруды жоспарлап отыр. NVIDIA дерегінше, Firebird Қазақстанға 45 000 NVIDIA Grace Blackwell GPU экспорттауға АҚШ-тың экспорттық лицензиясын алған. Жобаның алғашқы кезеңі «Қазақтелекоммен» бірге Data Center Valley аумағында жүзеге асырылып, коммерциялық іске қосылуы 2027 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61