ТЕХНОЛОГИЯ
NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі президенті Дженсен Хуангқа Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» ордені берілді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Мемлекет басшысымен кездесуде Хуанг Қазақстанды Physical AI саласындағы әлемдік хабқа айналдыруды ұсынды. Ол елдің энергетикалық ресурстары мен ғылым, математика және технология бағытындағы мамандардың әлеуетін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысына отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, компанияның Higgsfield-пен серіктестігін құптады.
Хуанг Қазақстанда Higgsfield жобасымен шамамен 600 адам айналысатынын, олардың орташа жасы 25 екенін айтқан. Ол сондай-ақ елде роботтарды оқытатын өңірлік орталық құру мүмкіндігін қарастыруды қолдады. NVIDIA басшысы геологиялық зерттеулерді, шахталар мен ұңғымаларды цифрлық картаға түсіруді, кен орындарын іздеуді және жаңа материалдар әзірлеуді перспективалы бағыттар деп атады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61