САЯСАТ

Қазақстанға баратын 85 ел азаматына QazETA рұқсаты қажет болады

Шетел азаматтарына электронды рұқсат рәсімдеу тәртібі енгізіледі. Жүйені іске қосу 1 қарашадан басталып, 2027 жылғы 1 шілдеден кейін рұқсат міндетті болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

QazETA электронды рұқсатын 85 елдің азаматтары Қазақстанға сапарға шығар алдында рәсімдеуі керек. Өтінім сапардан кемінде 72 сағат бұрын беріледі.

1 қарашадан бастап жүйе Ақтау әуежайында және кейбір автомобиль өткізу пункттерінде қолданыла бастайды. 2027 жылғы 1 шілдеге дейін рұқсат алу ұсыныс ретінде қарастырылады, одан кейін оны рәсімдеу міндетті талапқа айналады.

Рұқсат тегін беріледі және 180 күн жарамды. Оны алу міндетінен 16 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан шетел азаматтары босатылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61