ӘЛЕМ

Трамп Иранға қарсы тағы бір операция болуы мүмкін екенін айтты

АҚШ президенті Флоридадағы жақтастарының митингінде Тегеранмен келісім жасалмаса, жаңа операцияға баруы ықтимал екенін мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Дональд Трамп АҚШ Иранға қарсы тағы бір «Эпикалық ашу» операциясын өткізуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, Иран билігі АҚШ-пен келісімге келуді таңдауы керек.

Трамп бұған дейінгі екі операцияны еске салды: ядролық нысандарға соққы жасалған «Түн ортасындағы балға» және АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бастап Ислам Республикасының аумағына бірлесіп жасаған шабуылдардан тұратын «Эпикалық ашу». Әкімшілік 5 мамырда операцияның аяқталғанын хабарлаған.

Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Феда-Хосейн Малеки Тегеран Исламабад меморандумының орындалуы қайта басталған жағдайда АҚШ-пен келіссөз өткізу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, меморандум талаптары орындалмаса, келіссөз бастауға негіз жоқ. Малеки АҚШ пен Израиль қандай да бір әрекетке барса, Иранның жауабы қатаң болатынын да ескертті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61