ТЕХНОЛОГИЯ
NVIDIA компаниясының президенті бұл бастаманы Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде көтерді. Оның айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға қажет әлеует бар.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған «AI-ұлт» болу мақсатын жоғары бағалады. Ол бұл бағыт үшін энергетикалық ресурстармен қатар ғылым, математика және технология салаларында білімі бар мамандар қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрландыру ұлттық басымдық екенін атап өтіп, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын еске салды. Президент NVIDIA-ның Higgsfield-пен серіктестігін құптап, Хуангтың қазақстандық ЖИ экожүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс айтты.
Хуанг соңғы бір жылдағы серіктестік нәтижелеріне тоқталып, Firebird AI KZ Ltd және «Қазақтелекоммен» байланыстардың дамып жатқанын жеткізді. Ол Higgsfield компаниясын Қазақстанның алғашқы технологиялық «бірмүйізі» деп атап, атқарылған жұмысты мақтан тұтатынын және бұл ұзақ жолдың бастауы ғана екенін айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61