СПОРТ

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарын 50 медальмен аяқтады

Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен жарыста қазақстандық спортшылар 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде алды. Жалпыкомандалық есепте ел құрамасы тоғызыншы орынға тұрақтады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

V Азия Пара ойындарында Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 150 спортшы сынға түсті.

Ең көп жүлде пара дзюдодан алынды: спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль иеленіп, осы спорт түріндегі командалық есепте бірінші орынға шықты. Пара жүзуден 10, пара велоспорттан 9, пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алды.

Пара жеңіл атлетика мен пара үстел теннисінен төрт-төрттен, пара садақ атудан екі жүлде бұйырды. Пара оқ атудан және отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан қоржынына бір-бір медаль түсті.

Наиль Ермухамбет пен Анастасия Калаус пара велоспорттан екі алтыннан жеңіп алды. Давид Дегтярев пара пауэрлифтингте Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды. Еркин Габбасов та жарыс рекордын орнатты. Қазақстандықтар пара үстел теннисі мен пара садақ атудан Азия Пара ойындарында алғаш рет медаль иеленді.

Ханчжоуда өткен алдыңғы ойындармен салыстырғанда, Қазақстан құрамасы жүлде санын тоғызға, алтын медаль санын төртке көбейтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61