ӘЛЕМ

Иорданиядағы шіркеуде атыс болып, кемінде жеті адам қаза тапты

Қару асынған адамдар жерлеу рәсімі кезінде шіркеу ішінде оқ атқан. Тағы кемінде 34 адам жараланды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Оқиға Эль-Карак провинциясындағы шіркеуде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адамдар көлікпен келіп, ғимарат ішінде оқ атқан соң оқиға орнынан қашып кеткен.

Куәгер Халед Буркан Иорданияның мемлекеттік Al-Mamlaka телеарнасына шіркеуде атыс басталған сәтте ондаған адам болғанын айтқан. Оның сөзінше, мылтық пен тапанша ұстаған екі адам жиналғандарға бірнеше минут бойы оқ атқан. Ал жарияланған сыртқы бақылау камерасының жазбасында үш қарулы адам көрінеді деп хабарланды.

Билік оқиға орнына қауіпсіздік күштерін жіберген. Үкіметтің ресми өкілі Мохаммад Момани премьер-министр Джафар Хассан барлық министрлер қатысатын Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін мәлімдеді. Шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61