СПОРТ

Николоз Басилашвили Алматыдағы турнирдің финалына шықты

Грузиялық теннисші Almaty Open жартылай финалында Стефанос Циципасты үш сетте жеңді. Финалда оның қарсыласы Александр Бублик пен Даниил Медведев арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Басилашвили бірінші партияны 6:4 есебімен алды. Екінші сетте Циципас тай-брейкте 7:5 есебімен басым түсіп, есепті теңестірді. Шешуші партияда грузиялық теннисші брейк жасап, матчты 6:3 есебімен аяқтады.

Ол турнирді іріктеу кезеңінен бастап, Таро Даниэль мен Адам Уолтонды жеңді. Негізгі кезеңде Марин Чилич, Факундо Диас Акоста және Адриан Маннариноны ұтқан Басилашвили Алматыда қатарынан алтыншы жеңісіне жетті.

Бұрын әлемнің 16-ракеткасы болған теннисші 2022 жылғы ақпаннан бері алғаш рет ATP турнирінің финалында ойнайды. Оның финалдағы қарсыласы Александр Бублик пен Almaty Open-нің қазіргі чемпионы Даниил Медведев арасындағы кездесуде анықталады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61