ДАМУ

Қазақстанда азық-түлік бағасы екінші ай қатарынан арзандап жатыр

Елде азық-түлік бағасы екі ай қатарынан төмендеп келеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны жыл басынан бері шамамен 2 пайызға өскен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Бұл мәлімет Серік Жұманғарин төрағалық еткен Үкімет отырысында айтылды. Сауда министрлігінің дерегінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаның өсу қарқынын бәсеңдетуге елеулі үлес қосқан. Былтыр осы кезеңде олардың бағасы 8 пайызға өскен еді, биылғы өсім шамамен бес есе баяулаған.

Соңғы аптада қант 2,4 пайызға, пияз 1,7 пайызға, алма мен сәбіз 0,9 пайызға арзандады. Күріш пен қой етінің де бағасы төмендеді. Нан, макарон, сары май, тұз және шай құны өзгерген жоқ.

Күн суыта кейбір көкөністер — қияр, қырыққабат, қызанақ пен картоп қымбаттай бастаған. Алдағы қыс пен көктемде жылыжай көкөністерінің бағасын тежеу үшін билік өндірушілермен меморандум жасауды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61