ҚОҒАМ

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға төлем мерзімі қысқарады

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем ең көбі үш ай беріледі. Қазір оның ұзақтығы алты айға дейін жетеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және оған құқығы бар азаматтарға беріледі. Ол жұмыс іздеу кезеңінде жоғалған табыстың бір бөлігін өтеуге арналған.

2027 жылдан бастап төлемнің нақты ұзақтығы жүйеге қатысу өтіліне қарай белгіленеді, бірақ үш айдан аспайды. Төлемнің шекті мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45 пайызынан жоғары болмайды. Жеке төлем сомасын әлеуметтік аударымдар жасалған табыс пен жүйеге қатысу өтілін ескере отырып есептейді.

Жұмысынан айырылған адам алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі керек. Мұны тұрғылықты жеріндегі мансап орталығында, eGov.kz арқылы немесе Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жасауға болады. Тіркелген кезде білімі, кәсіби дағдылары, жұмыс тәжірибесі және жұмысқа орналасуға қатысты қалауы көрсетіледі. Мансап орталығы мамандары осы мәліметтерге сай бос орындарды ұсынады. Лайықты жұмыс табылмаса, талаптарға сәйкес азамат жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Бос жұмыс орындарын ұсынумен қатар, жаңа кәсіпке оқыту, біліктілікті арттыру, жастар практикасы және жұмыспен қамтудың басқа да субсидияланатын түрлері қарастырылған. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау және жұмысқа орналасу үшін ерікті қоныс аудару бағдарламаларына да қатысуға болады. Олардың талаптары әр бағдарламаға қарай өзгереді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, азамат жұмысқа орналасқаннан кейін де мансап орталығы оның жұмыспен қамтылуын қадағалайды. Қолдаудың мақсаты — тұрақты жұмысқа оралуға жәрдемдесу.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61