ӘЛЕМ
Йемендегі хуситтер зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар арқылы жеті рет шабуыл жасағанын мәлімдеді. Нысанаға Сауд Арабиясының бірнеше әуежайы мен мұнай инфрақұрылымы алынған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сарианың айтуынша, шабуылдар Эр-Риядтағы Король Халед атындағы халықаралық әуежайға, Янбу қаласындағы Aramco нысандарына және Рабигтегі мұнай өңдеу зауытына бағытталған.
Сондай-ақ «Шығыс – Батыс» мұнай құбыры, Даммамдағы Король Фахд атындағы халықаралық әуежай, Наджран әуежайы мен Хамис-Мушайттағы әуе базасы нысанаға алынған. Қарулы топ Йеменнің оңтүстігіндегі үкіметті қолдайтын күштердің әскери лагері мен Адендегі әскери-теңіз базасына да соққы жасағанын хабарлады. Сарианың сөзінше, бұл күштерді саудиялық офицерлер басқарады.
Шабуылдар Король Халед атындағы халықаралық әуежайдың екі терминалы қайта ашылар қарсаңда болды. 25 қазанда оның ішкі және халықаралық рейстерге арналған екі терминалын ашу жоспарланған. 10–11 қазандағы шабуылдан әуежайда 13 адам қаза тауып, 320 адам жараланған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61