Саясат

Қандай мамандыққа сұраныс жоғары - электронды еңбек биржасы

Жұмыс іздеушілер тарапынан экономистер, заңгерлер көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бірінші вице-президенті Ербол Оспанов электронды еңбек биржасында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екендігін айтты.

«Біз enbek.kz порталына қанша өтінім түскенін, қанша адам жұмысқа орналасып, қанша жұмыс беруші тіркелгендігін үнемі қадағалап отырамыз. Бүгінгі күні порталда шамамен 70 мың жұмыс беруші тіркелген. Шамамен 42 мың бос жұмыс орны, 92 мың түйіндеме  бар. Ағымдағы жылдың басынан бері 360 мың жұмыс беруші жүгініп, олардың ішінде 347 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты», - деді ол.

Осы ретте орталықтың вице-президенті елімізде қандай мамандыққа сұраныстың жоғары екендігін атап өтті.

«Бүгінгі күні  медицина, мектепке дейінгі білім беру, ақпараттық технологиялар, ІТ-менеджмент, интернет қауіпсіздігі  сынды салалардың мамандарына сұраныс жоғары болып отыр. Порталдағы сұраныс жоғары мамандықтарға үнемі сараптама жасап отырамыз. Айта кетерлігі, жұмыс іздеушілер тарапынан экономистер, заңгерлер көп болғанымен жұмыс берушілер тарапынан мұндай қызметтерге сұраныс жоқ.  Жалпы  айына 150 мың, тіпті 300 мың теңге де төлеуге дайын жұмыс берушілер бар», - деді Ербол Оспанов.

Сонымен қатар ол еңбек саласын цифрландыру аясында бірнеше жобамен жұмыс істеп жатқандықтарын айтты.

«Оның біріншісі - электронды еңбек кітапшасы. Қазіргі уақытта біз ілкі режімде бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мұнан бөлек қағазбастылықтан арылу және барлығын электронды форматқа көшіру үшін еңбек шарттарын тіркеу қызметін аштық. Мұны ниет танытқан кез келген жұмыс беруші enbek.kz порталында жүзеге асыра алады. Бұл қызмет 1 қарашадан бастап жұмыс істеп тұр», - деді Е.Оспанов.

Дереккөз: inform.kz