ҚОҒАМ
Қазгидромет 26 және 27 қазанда екі қалада күтілетін ауа райы туралы мәлімет берді. Алматыда түнгі температура −5 градусқа дейін төмендейді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Астанада 26 қазанда жауын-шашын болмайды, ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы −2…−4, күндіз +6…+8 градус болады.
27 қазанда да жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыс және батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде −1…−3, күндіз +7…+9 градус болады.
Алматыда 26 қазанда шығыстан секундына 3–8 метр жел соғып, жауын-шашын болмайды. Түнде −3…−5 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз +9…+11 градус күтіледі. 27 қазанда Алматыда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Түнгі температура −1…−3, күндіз +11…+13 градус болады. Жел шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61