ӘЛЕМ
Дауыс беру биліктегі Сербияның прогрессивті партиясы мен студенттер наразылығынан бастау алған қозғалыс арасында өтуде. Партиясы үкімет құра алса, Александр Вучич үкіметті қайта басқаруға ниетті.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сербияда 25 қазанда кезектен тыс парламент сайлауына арналған учаскелер ашылды. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталады, бұл Астана уақытымен түн ортасына сәйкес келеді. Белград пен Нови-Садта учаскелер ашылмай тұрып-ақ ұзын-сонар кезек пайда болған.
Студенттер қозғалысы «Студенттер тізімін» жасақтағанымен, оның кандидаттары студенттер емес. Сайлаушыларға сарапшылар, спортшылар, фермерлер мен өнер қайраткерлері ұсынылды. Тізімнің басында кардиолог Илия Срданович тұр. Нови-Садта дауыс берген ол сайлаудың тыныш өтуіне үміт білдірді.
Қозғалыс сыбайлас жемқорлықпен күресуді және білім беру сапасын жақсартуды қолдайды. Сайлау алдындағы сауалнамалар әртүрлі нәтиже көрсетті: Ipsos дерегінде Вучичтің партиясы 47% қолдауға ие болып, студенттер қозғалысынан (40%) озып шыққан. Басқа зерттеулерде студенттер алда болған.
Александр Вучич қыркүйекте президент қызметінен мерзімінен бұрын кеткен. Енді партиясы үкімет құра алса, ол премьер-министр болуды көздеп отыр. Вучич бұл қызметті 2014–2017 жылдары атқарған. Жаңа мемлекет басшысы сайланғанға дейін президент міндетін парламент төрағасы Ана Брнабич атқарады.
Жаппай наразылықтар 2024 жылғы қарашада Нови-Садтағы қайта жөнделген вокзалдың қалқасы құлап, 16 адам қаза тапқаннан кейін басталды. Наразылар қайғылы оқиғаны жұмыстар кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен салғырттықпен байланыстырды. 2025 жылғы наурызда шерулерге студенттермен бірге мұғалімдер, фермерлер мен жұмысшылар қосылып, вокзалды қайта жөндеу құжаттарын жариялауды және кінәлілерді жазалауды талап етті. Наразылықтар аясында премьер-министр Милош Вучевич қызметінен кетті.
Тамызда Белград, Нови-Сад және Валеводағы шерулер полициямен қақтығысқа ұласты. Қыркүйекте мыңдаған адам жағдайды тергеуді және шерушілерге күш қолдану оқиғаларын тексеруді талап етіп, қайтадан көшеге шықты. Полиция шерушілердің шабуылдарына жауап бергенін мәлімдеді. Сайлау комиссиясы дауыс берудің ресми қорытындысын 26 қазанда, дүйсенбіден ерте жарияламайды деп күтілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61