СПОРТ

UFC Қазақстанда турнир өткізуді талқылап жатыр

Дана Уайт ұйымның Қазақстанда жарыс өткізу бағытында жұмыс істеп жатқанын айтты. Турнирдің нақты күні әзірге белгісіз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

UFC президенті Дана Уайт UFC 333 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанда жарыс өткізу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. «Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол.

Қазақстанда UFC турнирін өткізу жоспары 2020 жылы да болған. Жарыс 13 маусымға белгіленгенімен, коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды. 2025 жылғы мамырда OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов Дана Уайтпен бұл мәселе бойынша келіссөздер бұрыннан жүріп жатқанын айтқан.

Қазір UFC-де Қазақстанның бес спортшысы өнер көрсетеді: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Дияр Нұрғожай, Николай Веретенников және Әліби Ыдырыс.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61