ӘЛЕМ
Prospector 5 платформасы апатқа ұшырап, борттағы 115 адамның 110-ы құтқарылды. Тағы бес адам іздестіріліп жатыр.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Оқиға 24 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:37 шамасында болды. Borr Drilling компаниясына тиесілі Prospector 5 платформасы BW Energy мұнай-газ компаниясына арнап бұрғылау жұмыстарына әзірленіп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүктемені тексеру кезінде қондырғының тірегі шөгіп, платформа тепе-теңдігін жоғалтып, суға кеткен.
Borr Drilling шұғыл әрекет ету тобын жұмылдырған. Жоғалған бес адамды компания жергілікті билік органдарымен және BW Energy-мен бірлесіп іздеп жатыр. Апаттан кейін кен орнындағы мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Жобаның 17,5 пайызына иелік ететін Panoro Energy өндірістік нысандардың зақымданғаны немесе ағып кету туралы хабарлама түспегенін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61