Спорт

Ойын үстінде ауыз ашқан мұсылман футболшылар

Бұған "Аякстың" жаттықтырушылары қарсы болмаған екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Аякс" футбол клубының ойыншылары Нуссайр Мазрауи мен Хаким Зиеш Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Тоттенхэм" футбол клубымен өткен жауапты ойынның 24-ші минутында арнайы изотағам қабылдап жатқаны камера объективіне түсіп қалды. Ойыншылар төзімділігін арттыру үшін қабылдағандай көрінген жанкүйерлерге. Бірақ футболшылар ойын барысында ауыз ашқан екен. 

Бір марокколық (Мазрауи), бірі араб (Зиеш) футболшылар мансабына, маусым соңындағы жауапты ойындарға қарамастан ораза ұстап, ауыз бекіткен. Бұған "Аякстың" жаттықтырушылары қарсы болмаған екен. 

Оразаға қарамастан екі футболшы да өте жақсы ойын көрсетті. Команданың жұмыла шабуыл жасап, қорғаныстың әжептеуір жақсы үлгісін көрсетуіне осы екі ойыншының үлесі зор. Мысалы Хаким Зиеш бір гол соғып, командасының алға шығуына себеп болды. Бірақ бұл "Аякстың" финалға шығуына көмектеспеді. 

"Тоттенхэмның" шабуылшысы Лукас Моура кездесуде хет-трик жасап, командасын финалға алып шықты. Ойын 2:3 есебімен аяқталып, "Тоттенхэм" финалда "Ливерпуль" футбол клубымен кездесетін болды.