ӘЛЕМ
Жексенбі күні елде президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Сауалнамаларда Флавиу Болсонару алда болғанымен, екі кандидаттың көрсеткіші статистикалық қателік шегінде.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Дауыс берушілер қазіргі президент, 80 жастағы солшыл саясаткер Луис Инасиу Лула да Силва мен сенатор Флавиу Болсонарудың бірін таңдауы керек. 45 жастағы сенатор — бұрынғы президент Жаир Болсонарудың ұлы.
Жаир Болсонару 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін 27 жылға сотталған. Денсаулығына байланысты жазасын үйқамақта өтеп жатыр. Флавиу Болсонару жеңіске жетсе, әкесіне рақымшылық жасайтынын айтқан.
Флавиу Болсонару 4 қазанда өткен бірінші кезеңде көп дауыс жинаған. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп та қолдаған, бұл сайлауға араласу туралы айыптауларға себеп болды. Дауыс берер алдындағы күні жарияланған сауалнамалардың бәрінде оңшыл кандидат алда болғанымен, Лула мен Болсонару арасындағы айырма статистикалық қателік шегінде қалды. Бразилия тарихында бірінші кезеңде көш бастаған кандидат екінші кезеңде жеңілген жағдай болмаған.
Лула сайлауды «демократия үшін күрес» деп атап, Болсонару мен оның әкесі Бразилияның демократиялық институттарына қарсы екенін мәлімдеді. Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында өткен соңғы митингте ол ел егемендігі де сөз болып отырғанын айтты. Лула әкімшілігінің Вашингтонмен қарым-қатынасы шиеленіскен: ол АҚШ-тың Батыс жартышардағы үстемдігін көздейтін «Донро доктринасына» және Бразилияның есірткі картельдерін террористік ұйым деп тануға қарсы шыққан.
Флавиу Болсонару Жұмысшылар партиясы үкіметтерінің тұсында болған қаржы жанжалдарын алға тартып, қылмысқа қарсы күресті күшейтуге уәде берді. Ол АҚШ-тың бразилиялық қылмыстық топтарға салған санкцияларын бұл топтар іс жүзінде бақылап отырған аумақтарда Бразилия мемлекетінің егемендігін қалпына келтіруге жасалған қадам деп атады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61