СПОРТ
Шымкенттік клуб Қазақстан премьер-лигасында алтын медальді мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңе алмады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
КПЛ-дің 29-туры аясында «Ақтөбе» мен «Қайрат» 2:2 есебімен тең тарқасты. Бұл нәтиже «Ордабасыға» турнир кестесінде алматылықтардан төрт ұпайға озып, чемпиондық атақты иеленуге мүмкіндік берді. Маусымның аяқталуына бір тур қалды.
Ойынның 5-минутында Шейи Оджо алаң иелерін алға шығарды. Азамат Туяқбаев 34-минутта таразы басын теңестіргенімен, төрт минуттан соң Агустин Пасторица «Ақтөбені» қайтадан алға шығарды. 70-минутта испаниялық Марк Гуаль есепті 2:2-ге жеткізді.
«Ордабасы» чемпиондық атақты үш жыл үзілістен кейін қайта жеңіп алды. Шымкенттіктер бұған дейін «Жеңіспен» өз алаңында 1:1 есебімен тең түскен еді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61