СПОРТ
Астанада өтіп жатқан күрес әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің балуандары үшінші орынға ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасының өз алаңындағы жарыстағы алғашқы жүлделері.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
55 келіге дейінгі салмақта Ысхар Курбаев қола жүлде үшін үндістандық Лалитпен белдесті. Қазақстандық балуан қарсыласын 9:0 есебімен ұтып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали қола медаль үшін өткен белдесуде қытайлық Цао Лигоны 5:1 есебімен жеңді. Қарсыласы — 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Астанада өткен жарыста ол чемпиондық атағын қорғай алмады.
Күрестен әлем чемпионаты Астанадағы «Барыс Аренада» 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатыр. Оған 100-ге жуық елден 900-ге жуық спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы 30 балуанмен сынға түсіп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61