ӘЛЕМ
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен келісімге келу немесе оған қарсы қимыл жасау туралы шешім қабылдауы керек екенін айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Трамп бұл туралы 25 қазанда Fox News арнасындағы Sunday Morning Futures бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. «Енді мен шешім қабылдауым керек: олармен келісім жасаймын ба, әлде оларды құртамын ба?» деді ол.
АҚШ президенті Ормуз бұғазын Вашингтон бақылап отырғанын айтып, Барак Обаманы Иранмен жасалған ядролық келісім үшін сынады. 2015 жылы қол қойылған Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары деп аталатын келісімнен Трамп алғашқы президенттік мерзімінде шыққан.
Ақ үй басшысы жұма күні АҚШ пен Израильдің ақпанда Иранға қарсы бастаған «Эпикалық қаһар» әскери науқанына ұқсас тағы бір шағын операция өткізуі мүмкін екенін айтқан. Трамп әкімшілігі операцияның аяқталғанын мамырдың басында мәлімдеді. Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Феда-Хосейн Малеки АҚШ Исламабад меморандумын орындауға қайта кіріссе, Тегеран келіссөз өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Ал АҚШ пен Израиль қандай да бір әрекетке барса, Иранның жауабы «қатаң» болатынын ескертті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61