ДАМУ
Көкшетаудағы жаңа жылу электр орталығы көмірмен жұмыс істейді. Жобада станцияны іске қосу мерзімі 2028 жылдың үшінші тоқсаны деп көрсетілген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
«Көкшетау ЖЭО» құжатында станцияның негізгі отыны ретінде Екібастұз көмірі көрсетілген. Ауданға газ тартылмағандықтан және табиғи газды тұрақты жеткізу мүмкін болмағандықтан, газ балама отын ретінде қарастырылмайды.
ЖЭО-ның электр қуаты 280 МВт, ал ыстық су бойынша жылу қуаты сағатына 820 Гкал болады. Энергетикалық кешен аумағында қуаты сағатына 300 Гкал болатын қосымша қазандық салу жоспарланған. Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі.
Станция Көкшетаудың тұрғын аймағынан 1,8 шақырым солтүстікке және қаладан 3 шақырым батысқа қарай орналасады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 26 ай бөлінген, нысанды 2028 жылдың үшінші тоқсанында іске қосу көзделген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61