ҚОҒАМ

Қызылордада 13 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Қызылорданың орталық алаңында кеудесіне бұрауыш сұғылған 13 жастағы бала көз жұмды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Марқұмның әпкесінің айтуынша, жасөспірім танысымен 1 000 теңгеге бола жанжалдасып, артынша төбелескен. Сол кезде екінші бала оның бауырының кеудесіне бұрауыш сұғып алған. Жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған.

Қызылорда облысының полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Күдікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Бұдан бөлек, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша іс қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61