ДАМУ

«Қазмырыш» Васильков кенішінен 4,4 млрд доллар табыс күтеді

Altyntau Kokshetau компаниясы Ақмола облысындағы Васильков алтын кен орнын жерасты әдісімен игеруді жоспарлап отыр. Жоба 17 жылға есептелген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Компанияның тау-кен жұмыстары жоспарына сәйкес, жерасты жобасына жұмсалатын күрделі шығын 802 млн доллар болады. Жоспарда жобадан түсетін табыс 4,4 млрд доллар, ал таза ақша ағыны 951 млн доллар деп көрсетілген.

Кеніштен тауарлық кен өндіру 2027 жылы басталмақ. Жерасты әдісімен игеру кезеңінде жалпы 22,4 млн тонна кен өндіріп, 40,5 тонна тауарлық өнім алу көзделген. Жоспар бойынша, 2029-2039 жылдары жыл сайын 2-5 тонна алтын өндіріледі.

Васильков кен орны Көкшетаудан 17 шақырым жерде орналасқан. Компания оны 17 жыл бойы жерасты әдісімен игеруді көздейді. Жоспарда 2027-2034 жылдары карьерді, ал кеніштің өзге учаскелерін 2045 жылдың соңына дейін игеру қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61