ӘЛЕМ
Әл-Карак провинциясында шіркеудегі атысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам қолға түсті. Қақтығыс кезінде олар жараланып, ұсталған жерден қару мен оқ-дәрі табылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Иорданияның коммуникациялар министрі әрі үкіметтің ресми өкілі Мұхаммед әл-Мумани X әлеуметтік желісінде күдіктілердің әл-Карак провинциясындағы қараусыз қалған үйден табылғанын хабарлады.
Министрдің мәліметінше, арнайы операция кезінде үйге бекінген үш адам қауіпсіздік күштеріне оқ атқан. Қарулы қақтығыстан кейін олар жаралы күйде ұсталды. Қауіпсіздік күштері арасында зардап шеккендер жоқ. Күдіктілер тұрған жерден көп мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
23 қазанда әл-Карак провинциясының оңтүстігіндегі Хамуд шіркеуінде жерлеу рәсіміне жиналғандарға қарулы адамдар оқ атып, тоғыз адам қаза тапқан, 25 адам жараланған. Осыдан кейін елде үш күндік аза тұту жарияланып, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ғимараттарындағы тулар төмен түсірілді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61