ӘЛЕМ

Сербияда Вучич партиясының сайлауда жеңілгені белгілі болды

Алдын ала қорытынды бойынша, биліктегі Сербия прогрессивті партиясы парламенттегі орын саны жағынан оппозициялық «Студенттер тізімінен» қалып келеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Сербияның бұрынғы президенті әрі Сербия прогрессивті партиясының жетекшісі Александр Вучич 25 қазанда өткен парламенттік сайлауда өз партиясының жеңілгенін мойындады.

Алдын ала есеп бойынша, билеуші партия бір палаталы Халықтық скупщинадан 105 орын алып отыр. Соңғы екі жылда өткен жаппай наразылықтарға қатысушылар қолдаған «Студенттер тізімі» кемінде 135 орынға ие болуда. Ресми есеп жаңарған сайын тізімнің басымдығы артып келеді, алайда екі тараптың арасындағы айырмашылық әзірге бірнеше пайыз шамасында.

Сайлауға елдегі дауыс беруге құқылы азаматтардың 69,1 пайызы қатысты. Бұл есепке шетелде тұратын серб азаматтары кірмеген. 25 қазан күні кешке Белградта мыңдаған адам оппозицияның жеңісін атап өтті. Астанада сайлаушылардың басым бөлігі «Студенттер тізімін» қолдады.

Вучич 27 қыркүйекте президент қызметінен кететінін мәлімдеп, кезектен тыс парламенттік сайлауда партиясын бастап қатысу үшін осындай шешім қабылдады. Партиясы жеңіске жеткен жағдайда, ол Сербияның премьер-министрі болуы мүмкін еді. Бұл қызмет елдегі саяси шешімдердің басым бөлігін қабылдауға мүмкіндік береді. Ал Сербия президентінің рөлі негізінен салтанатты және өкілдік сипатқа ие.

«Студенттер тізімі» соңғы екі жылдағы жаппай наразылықтар кезінде наразылық білдірушілер арасындағы талқылаулардан кейін құрылды. Қозғалыс жетекшілері тізімге енген жоқ. Үміткерлер қатарында ғалымдар, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері мен қоғамдық ұйым белсенділері бар. Тізімді кардиолог Илия Срданович басқарады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61