ҚОҒАМ

Ыстамбұлда қазақстандық қыздың қазасына байланысты екі адам ұсталды

Түркия полициясы 26 жастағы Айсұлу Бекмаханова ғимарат шатырынан құлап қаза тапқаннан кейін екі адамды ұстады. Оларға Айсұлудың өліміне қатысы бар деген күдік бар-жоғы әзірге белгісіз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Ұсталғандар — марқұммен бірге тұрған 22 жастағы Ресей азаматы Дарья Б. және 35 жастағы дүкен иесі Мазхар Т. Тергеу барысында жігіттің Айсұлудың болжамды сүйіктісі екені белгілі болды.

Дарьяның полицияға айтуынша, ол таңғы 08:15 шамасында құрбысын шатырдан көріп, қайтып келуін сұраған. Қыз бас тартып, көршісіне ұйықтай беруін айтқан. Кейін Дарья қатты музыкадан оянып, Айсұлудың бөлмеде жоқ екенін байқаған. Сыртқа қарағанда, көрші ғимараттың шатыры бүлінгенін көріп, төменнен қимылсыз жатқан қызды тапқан.

Ер адамның сөзінше, Айсұлу оған таңғы 05:30 шамасында келіп, 07:40-та кеткен. Полиция қыздың шатырға не себепті шыққанын және құлар алдында не болғанын анықтап жатыр.

Оқиға қазанның 25-і күні таңертең Ыстамбұлдың Шишли ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Бекмаханова алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтіп, болжам бойынша, берік емес құрылымды басып, төмен құлаған. Ол сол жерде көз жұмды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматшаның қазасын растады. Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Тергеу министрліктің бақылауында.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61