ДЕНСАУЛЫҚ
Облыстық перинаталдық орталық салмағы шамамен 600 грамм болып туған нәрестенің жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Мамандар сүйек сынған тұста тіннің қалпына келе бастағанын айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Орталық мамандарының мәліметінше, нәресте өте төмен салмақпен туған. Мұндай сәбилерді күтіп-бағу күрделі әрі ұзақ уақытты қажет етеді.
Мамандар шала туған балаларда остеопения кездесуі мүмкін екенін түсіндірді. Бұл сүйек тініндегі минералдардың азаюымен сипатталады және шала туған нәрестелердің 30–55 пайызында байқалады. Соның салдарынан аяқ-қолды әдеттегідей қозғағанның өзінде сүйек өздігінен сынуы ықтимал.
Медициналық құпияға байланысты дәрігерлер нақты жағдайдың егжей-тегжейін жарияламады. Рентген қорытындысы сынған тұста бастапқы сүйек мүйізгегі пайда болғанын көрсеткен. Қазір ол жердегі сүйек тіні тұрақтана бастаған, арнайы емдеу шаралары қажет емес.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61