ӘЛЕМ

Марин Ле Пен Франциядағы президенттік науқанын бастады

«Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Орлеанда өткен екі күндік митингте шекараны күшейтіп, көші-қон заңнамасын қатаңдатуға уәде берді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Ле Пен өзін елде тәртіп пен бірлікті қалпына келтіре алатын жалғыз үміткер ретінде таныстырды. Ол Макронның центристік үкіметін наразылық білдірушілерге тым жұмсақ қарап, беделін жоғалтты деп айыптады.

Саясаткер Францияның шекарасын қалпына келтіріп, француз және еуропалық деңгейде қос шекара орнататынын айтты. Оның сөзінше, Франция азаматтығы мұраға қалатын немесе еңбекпен иеленетін артықшылыққа айналуы керек. Ле Пен сонымен бірге елдің ЖІӨ-нің 5%-ын құрайтын бюджет тапшылығын азайтуға уәде берді. Жоспарында зейнет жасын төмендету, салықты қысқарту, коммуналдық төлемдерге шек қою және өңірлік органдарды тарату бар.

Партия жетекшісінің орынбасары Жордан Барделла «аса солшылдарға» қарсы қатаң шара қолдануды, қылмыстық жауапкершілік жасын 16-ға түсіруді және құқық бұзғандар мен қылмыскерлерді елден шығаруды ұсынды. Сенбіде Орлеанда партияға қарсы ксенофобия мен өшпенділікке қарсы марш өтті. Жергілікті билік тәртіпті сақтау үшін 3 000 полиция қызметкерін жұмылдырды. Екі күндік шара кезінде оқыс оқиға болған жоқ.

Ipsos-BVA сауалнамасына сәйкес, Ле Пен сайлаудың бірінші кезеңінде 32–34% дауыс жинауы мүмкін. Апелляциялық сот оның заң бұзғанын растағанымен, мемлекеттік қызмет атқаруға салынған тыйым мерзімін қысқартты. Соның нәтижесінде Ле Пен келесі жылы өтетін сайлауға қатыса алады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61