ҚОҒАМ
Қызылордада пышақ жарақатынан көз жұмған жігіттің туыстары шабуылға 12 адам қатысуы мүмкін екенін айтады. Полиция кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Оқиға 8 қазанда Есетов көшесіндегі дәмхананың маңында болған. Марқұмның әпкесінің айтуынша, бір топ адам інісіне шабуыл жасап, ұрып-соққан. Жігіт алған ауыр жарақатынан көз жұмды.
Әпкесі әлеуметтік желідегі жазбасында шабуылға 12 адам қатысқан болуы мүмкін екенін жазған. Облыстық полиция департаменті қылмысқа күдікті үш адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Полиция тәркіленген барлық бейнежазбаны зерделегенін және оқиғаға басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін тексеріп жатқанын мәлімдеді. Әр қатысушының рөліне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61