ҚОҒАМ
Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан косметика жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы шетел азаматын ұстады. Алаяқтық сомасы 1,3 млрд теңге болған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті 2023 жылы Бішкекте Оңтүстік Кореядан косметика жеткізуді ұйымдастырамын деген сылтаумен ірі көлемде ақша алған.
2026 жылдың тоғыз айында полиция іздеуде жүрген мыңнан астам күдіктіні ұстаған. Олардың арасында Қарағандыда 2018 жылы коммерциялық ұйымның қоймасынан құны 401 млн теңгеден асатын тауарды алып кеткен деген күдікке ілінген 67 жастағы ер адам бар. Бұдан бөлек, хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған 17 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталып, Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттері іздестіріп жатқан 537 адам ұсталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61