ӘЛЕМ

Зеленский Украина армиясын қысқарту мен бейтарап мәртебесін талқылауға шығармайтынын айтты

Украина президенті аумақ мәселесін мемлекет басшылары ғана шеше алатынын мәлімдеді. Ол Ресейге қарсы санкцияларды үшжақты келіссөздер өтпей тұрып алып тастамауға шақырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Владимир Зеленскийдің айтуынша, қарашада өтуі мүмкін үшжақты келіссөздерде тараптар мемлекет басшылары деңгейіндегі жаңа кездесуді ұйымдастыру мәселесін талқылауы керек. Бұл туралы ол «1+1» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Зеленский Украина армиясының санын шектеу мен елдің бейтарап мәртебесін талқылауға болмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, қауіпсіздік кепілдіктерін Ресей тарапы белгілей алмайды. Украина АҚШ ұсынған аумақ алмасу нұсқасын да қабылдамайды.

Президент серіктестерін Украина, АҚШ және Ресей басшылары қатысатын үшжақты келіссөздерге дейін Ресейге салынған санкцияларды мерзімінен бұрын алып тастамауға шақырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61