ДАМУ

Brent мұнайы бір жылда шамамен 80%-ға қымбаттады

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 114,66 доллардан саудаланып жатыр. Бір жыл ішіндегі өсім шамамен 80%-ды құрады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Соңғы бір айда мұнай бағасы 17,2%-ға өсті. Алайда бір күнде көрсеткіш 0,99%-ға төмендеді.

Уранның бір фунты 90,10 доллар болды, ал оның жылдық өсімі 17,17%-ға жетті. Мұнай мен уранның қымбаттауы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына қолайлы жағдай қалыптастырады.

Қор нарықтарында көрсеткіштер әркелкі. Жапонияның JP225 индексі бір күнде 1,61%-ға көтерілсе, Қытайдың CSI 300 және Shanghai индекстері бір жылда тиісінше 12,61% және 7,4%-ға төмендеді. KASE индексі бір күнде 0,38%-ға арзандағанымен, жылдық өсімін 12,94% деңгейінде сақтады. Криптовалюталар да арзандады: Bitcoin бір жылда 29,46%-ға, Ethereum 42,03%-ға, BNB 32,94%-ға төмендеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61