Спорт

Токио Олимпиадасындағы медальдар ескі гаджет қалдықтарынан жасалмақ

Бұған Жапонияда өзге елдердегідей пайдалы қазбалардың болмауы да себеп болса керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарға арналған алтын, күміс және қола медальдарды гаджет қалдықтарынан жасау туралы шешім қабылдады.

Аталған бастама Жапонияның экологиялық проблемаларына және электрондық қалдықтарды қайта өңдеу жұмысына назар аударту мақсатында жасалып отыр. Жапония қоқысқа лақтырылған электр құрылғыларын жинаудың ауқымды жүйесін енгізуді жоспарлап қойған. 2020 жылғы олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға медальдар  жасау үшін 2700 кг қола, 4100 кг күміс және 30,3 кг алтын жинау қажет. Сондай-ақ, бұған Жапонияда өзге елдердегідей пайдалы қазбалардың болмауы да себеп болса керек.